KAZ /RUS






Әкім кабинеті

Әкімнің өмірбаяны

Мұратов Жомарт Хайдарұлы

1965 жылғы 31 мамырда Киев қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы  бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Кеңестік Армия қатарындағы қызметтен кейін токарь-карусельщиктің шәкірті болып бастаған. Одан кейін 15 жыл бойы бизнес саласындағы түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2004-2009 жылдары – «Жәрдем-Агро» аграрлық-инвестициялық компания» ЖШС-нің атқарушы директоры.
2009 жылғы 1 маусымда Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2010 жылғы 16 шілдеден Ұлан ауданының әкімі болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттер:

Президенттің, Қазақстан Үкіметінің нормативтік актілерін орындау бойынша болашақ және ағымды міндеттерін шешу.
Ауданның атқарушы билігінің қызметіне басшылық жасау, ауданның бюджетін әзірлеу және оның орындалуына бақылау жасау.
Жергілікті атқарушы органдардың келісілген жұмысын қамтамасыз ету, прокуратураның, соттың, ішкі істер бөлімінің, қаржы полициясының сыбайлас жемқорлық және қылмыспен күресті нығайту жөніндегі сұрақтарын шешу. Аудан әкімдігінің, әкімшілік-аумақтық басқару сұрақтары.
Басқару құрылымын оңтайландыру, аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысын және атқарушы органдар мен әкім аппаратының құрылым бөлімшелерінің басшыларын тағайындау.
Сапа менеджментінің жүйесі талаптарының орындалуын бақылау.

   Азаматтарды қабылдау
Сәрсенбі 9.00-13.00

   Байланыс телефоны 27-368

Қымбатты достар!

Сіздермен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің ресми web-сайтында кездескеніме шын жүректен қуаныштымын.
Ұлан ауданы Алтай сілемдерінің қомақты да жұмбақты бөлігі, асты-үсті толған байлық, қарт Қалбатауды мекендеген еңбек сүйгіш елдің мекені.
Ұлан ауданының дүниежүзілік ақпараттық жүйеге қосылуы, оның жан-жақты дамуында оң көзқарасын тудырады.
Ақпараттық дамудың жаңа сапалы кезеңіне көшу, Қазақстанның басқа аймақтардағы мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді, барлық саладағы және санаттағы тұрғындардың керекті ақпаратпен алмасу процессін жеделдетеді.
Біздің тұрғындарға, әртүрлі үкіметтік емес бірлестіктер мен мекемелерге басқарушылық шешімдер қабылдауға әсер ету үшін нақты мүмкіншілік туады. Сіздер жергілікті атқарушы органдардың құрылымы, олар атқаратын жұмыс туралы ақпарат ала аласыздар және қарастырылатын сұрақтар бойынша өз ұсыныстарыңызды енгізе аласыздар.

Біздің порталда орналастырылған ақпарат үнемі толықтырылып, жаңартылып отырады және де сол ақпаратты қажет ететіндерге әрқашанда көмек болады деп сенемін.
Ұлан ауданы әкімінің ресми сайты, Сіздерге аудан туралы жедел, объективті және нақты ақпарат алуға еркін мүмкіншілік береді және жаңа достар мен іскер серіктес табуға көмектеседі.
Сіздерге ойлаған ойларыңыздың іске асыру барысында табыс тілеймін!
Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Құрметпен, Ұлан ауданының әкімі
Мұратов Жомарт Хайдарұлы