KAZ /RUS






«Жол картасын» іске асыру


«Жұмыс іздеймін»  деген акциясы өтті

Елбасының халыққа Жолдауының ең басты мәселесінің бірі «Жол картасы» болып табылады. Оның жүзеге асыру жөніндегі негізгі бағыттары – халықты еңбекпен қамтамасыз ету және елімізде жұмыссыздықтың белең алуына жол бермеу болып табылады.

Бағдарламаны орындау үшін Ұлан ауданына 292,0 млн. теңге бөлінді:
- 41724,0 мың теңге дәрігерлік емханаларды жөндеуге;
- 57806,0 мың теңге білім беру саласына;
- 18310,0 мың теңге әлеуметтік бағдарламаларға;
- 174202,0 мың теңге жолдарды жөндеуге.

«Жол картасына» сәйкес ауданда 57 жоба бойынша 523 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланды, оның ішінде:
- 130 жұмыс орын 17 объект бойынша мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге;
- 96 жұмыс орын медицина саласына;
- 26 жоба бойынша 139 жұмыс орын жолдарды ағымды жөндеуден өткізуге;
- 158 жұмыс орын 14 әлеуметтік объект бойынша.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталына 51 объект бойынша хабарландыру орналастырылды. 2009 жылғы 30 сәуірден әлеуметтік жобалар, білім беру объектілері, ауылдық жолдардың ағымды жөндеуі бойынша баға ұсыныстары сауалымен конкурс өткізуге хабарландыру орналасқан.
1-3 мамыр аралығында веб-сайтқа Егінсу, Алмасай, Тарғын, Азовое ауылдық округтері мен Белогор кентінің елді мекендеріндегі жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу туралы мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс жарияланды.
«Әлеуметтік жұмыс орындарына» 40 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Осы бағдарлама бойынша 5 мамырдан 13 жұмыс орындарына 4 шарт жасалды: «Айтказина» ШҚ - 2 адам, «Иванченко» ШҚ - 5 адам, «Достық» ШҚ - 3 адам, «Аулье» ШҚ - 3 адам.
«Жол картасының» әлеуметтік жобалары бойынша Молодежный кентінде спорттық алаңшаны салу және көшелерді ағымды жөндеу үшін дайындық жұмыстар басталды. Таврия ауылында көшелерді ағымды жөндеу бойынша дайындық жұмыстары басталды.
Асубулақ кентінде орта мектебінде ағымды жөндеу жұмыстары басталды. Осы жұмыстарға жұмыссыздар санынан 3 адам тартылды.
Жергілікті маңыздағы жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары екі объекті бойынша басталды. Жұмыстарға жұмыссыздар санынан 3 адам тартылды.
Әлеуметтік жобалар бойынша мамыр айына 3038,2 мың теңге бөлінген айдың аяғына дейін толығымен игеріледі.
«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 15 адамды жұмысқа орналастыру көзделіп отыр. Бүгінгі күні 5 түлек осы бағдарлама бойынша жұмысқа жіберілді.
Жұмыссыздар бөлімінде «Жол картасын» орындау жөнінде мониторинг орталығы құрылған, онда 3 адам жұмыс істейді.
«Жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлау» бағдарламасы бойынша 165 адам жоспарланып отыр. 2009 жылдың 18 мамырынан ШҚ ауыл шаруашылық колледжінде мамандықтары бойынша 38 жұмыссыздар оқуға жіберілді: аспаз – 22, газбендәнекерлеуші - 16.
«Жол картасын» ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің арнайы тапсырысымен жалпы Елбасының Жолдауы бойынша 20 баннер (18 баннер ауылдық округтер мен кенттерде, 2 Молодежный кентінде), ал «Жол картасы» бойынша Молодежный кентінде «Біз әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламасын іске асырамыз» және «Еліміздегі келісім мен бейбітшілікті сақтау басты міндеттеріміз болып қала бермек» атты 2 баннер, Таврия ауылында «Әлеуметтік саланы нығайту – негізгі міндеттердің бірі» және «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» атты 2 баннер, Бозанбай ауылында «Біз жаңа жұмыс орындарын ашамыз» атты 5 баннер және барлық ауылдық округтер мен кенттерде «Егер сіз жұмыссыз қалсаңыз», «Если вы остались без работы» атты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің телефон нөмірлері көрсетілген 21 билборд дайындалып, ілінді.
2009 жыл басынан аудандық «Ұлан таңы» газетінде 20 басылым жарық көрді: «В целях укрепления экономики» мақаласы, «Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру», «Кәсіби біліктілікті арттыру жолында», «Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «О реализации плана модернизации экономики и занятости», «Ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру», «Жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлау», «О выполнении программы «Дорожная карта» тағы басқа мақалалары жарияланды.
Аудан бойынша ақпараттық-насихат топтарының мүшелері «Жол картасы» бағдарламасын насихаттау мақсатында 12 кездесу және дөңгелек үстелдер өткізді.