• RU
  • KZ
  • EN

«Ертегілер әлеміне саяхат»

2018 жылдың 24 сәуір күні Аудандық орталық кітапханада «Ертегілер әлеміне саяхат» атты іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында оларға арналған қызықты кітаптарды насихаттау, ертегілер арқылы кітаптарға деген қызығушылықты арттыру.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері балаларға  «Біз ертегі туралы не білеміз?», «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық», «Кім шапшаң?» атты сайыстар өткізді.

«Кім білгір?»  атты сайыста оқырмандар «Шалқан», «Бауырсақ» ертегілерін сомдап берді.   Осы кезеңдерде балалардың тамашалағандары – олардың өздерінің қаншалықты кітап құмар екендіктерін көрсете білгендіктерінде болды.  Ертегілерден үзінділер оқылып, қатысушылар оның қай шығармадан және авторы кім екендіктеріне жауап бере алды.  

Балалар ертегі әлемін «Суретте не бейнеленген?»  деген сайыспен жалғастырды, сайысқа өте қызығушылықпен қатысып отырды. Олар «Ақылдылар» және «Білгіштер» деген екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. «Ертегілер әлеміне» жасаған саяхат жасөспірімдердің көңілінен шықты.

«Ұлан аудандық орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018